Текст
17.02.2026
Онкүндікті өткізу барысында 6-9 сынып оқушыларына арналған "Cандар мен формулалар әлемі" кроссвордтар байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара логикалық ойлауды, математикалық эрудицияны және пәнге танымдық қызығушылықты дамытуға бағытталған. Қатысушылар негізгі математикалық терминдерді, формулалар мен ұғымдарды ойын түрінде қайталады, тапқырлық, зейінділік және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Байқау математиканы оқуға деген ынтаны арттыруға және жағымды білім беру атмосферасын құруға ықпал етті.