Текст
Бүгін 4-сынып оқушыларына арналған “Не жақсы? Не жаман?” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Сабақтың мақсаты — оқушыларды жақсы мен жаманды ажырата білуге, ізгілікке, адалдыққа және мейірімділікке тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар мультфильм көріп, мақал-мәтелдер айтып, топтық тапсырмаларды орындады. Балалар белсенділік танытып, жақсы қасиеттер мен жаман қылықтарды талдап, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Пән мұғалімі: Нағашбай Г.Т.